×

Хамзат Чимаев Шавкат Рахмоновты мысыққа теңеді

Қазақ, осыны ұмытпа! – деді ол

 Дастан Жұмабекұлы 27.04.2023 | 12:04
фото: ашық дереккөз

Тегі шешен швециялық файтер Хамзат Чимаев Instagram-да Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек туралы сұраққа жауап берді.

Желі қолданушылардың бірі: «Чимаев, бауырым, сен нақты айтшы, өтініш. Қазақтың жолбарысы Шавкат Рахмоновпен айқасқа шығудан қорқасың ба?» - деп төтесінен сұрақ қойған. Оған Чимаев: «Қасқырлардың мысықтардан қорыққанын қайдан көрдің? Бөрілер мысықтан қорықпайды. Қазақ, осыны ұмытпа!» – деп жауап қайтарған.

Бұған дейін хабарланғандай, UFC-дің файтерлері Шавкат Рахмонов пен Хамзат Чимаев Instagram әлеуметтік желісінде бір-бірін кекетіп, сөзге келіп, соңы дауға ұласқан болатын.

Әуелі Рахмонов парақшасында қасқыр терісінің үстінде отырып түскен фотосуретін жариялап, «Біреулер өзін қасқырмын десе... Қасқырлар міне, біздің астымызда» деп белгілі UFC-дің файтері, Швецияда тұратын ұлты шешен Хамзат Чиваевқа қатысты жазба қалдырды. Бұған өзін «Borz» деп атайтын файтер жауап ретінде сурет жариялады. Шешен тіліндегі «Borz» – «қасқыр» деген сөз.

Өмір бойы шибөрі болып жүргенге қарағанда, өзін қасқыр деп санау – үлкен абырой, – деп жазды Чимаев. 

Кейін Шавкат Рахмонов жазбасын өшіріп тастады.

Қазір UFC-дің дивизионында Чимаев 3-орында тұрса, Рахмонов 6-орынға орналасқан. Шешен файтері 12 рет жеңіске жетсе, қазақ файтері 17 қарсыласын ұтқан. Екеуі де әлі бірде-бір рет жеңілген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама