×

Ислам дініне қарсы болған қария мешіттен мұсылман болып шықты (ВИДЕО)

Қарт кісі 10 минутта дүниеге көзқарасын өзгерткен

 Дастан Жұмабекұлы 26.04.2023 | 15:04
фото: видеодан кадр

Австралияда қарт кісі Ораза айт намазында адамның көптігіне және мешітте айтылатын тәкбір-тәшриқ, құтпа, сүрелердің дауыстап оқылуына қарсы болып, мешітке басакөктеп кіріп, арада 10 минут өткен соң Ислам дінін қабылдады. Бұл туралы Islam.kz хабарлады.

Мешіт қызметкерінің айтуынша, Брайн есімді қарт шағымданып келгенде, ол оны 10 минуттай отырып тыңдап, содан кейін қарияның көңілін аулау үшін айттық ас берген. Айттық асты христиан дініндегі азаматтың қолына ұстатып, оны алып баруын сұраған. Содан кейін қария мешіттегі тағы бір адамның Ислам діні туралы уағыз айтқанынан кейін мұсылман болуға шешім қабылдаған.

Ол кәлима айтқан кезде көзіне жас алып, Ислам дінін қабылдағанына қуанып, бәрімен құшақтасқан. Осылайша, мешітке шағымын айтып келген австралиялық қарт 10 минутта мешіттен мұсылман болып шығып, дүниеге көзқарасын өзгерткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама