×

IBA ХОК-тан Олимпиадаға іріктеу турнирінен бас тартуды сұрады

Ресей мен Беларусь боксшыларының құқықтары ескерілуі керек, - делінген

 Дастан Жұмабекұлы 14.04.2023 | 11:39
фото: ашық дереккөз

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) Халықаралық олимпиялық комитетке (ХОК) 2024 жылы Францияның Париж қаласында өтетін Олимпиадаға жолдама алу үшін биылғы Еуропалық ойындарды өткізбеу туралы өтініш білдірді.

Inside the Games басылымының хабарлауынша, Халықаралық бокс қауымдастығы Ресей мен Беларусь боксшылары Еуропалық ойындарға қатыса алмайтындықтан, аталған іріктеу турнирін алып тастауды сұрады.

ХОК Олимпиадаға құрлықтық іріктеуден өткен спортшыларға жолдама береді. Бұл – ХОК-тың Ресей мен Беларусь боксшыларына қатысты ұстанымына мүлде қайшы. Өйткені олар Еуропалық ойындарға қатыса алмаған соң, Париждегі Олимпиадаға бара алмайды. Сол себепті Еуропа ойындары Олимпиадаға іріктеу турнирі бола алмайды. Оның статусын жоққа шығару керек, – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, осының алдында ХОК Ресей мен Беларусьтің спортшыларына бейтарап мәртебе алып, жарысқа қатыстыруға рұқсат беруді ұсынған болатын. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама