×

TikTok «ҚазМұнайГаздан» 5 есе көп пайда әкелді – сарапшы

Әлеуметтік желі бір жылда біздің Ұлттық қордың жартысын жауып, проблемаларын шешіп алар еді, – деді ол

 Дастан Жұмабекұлы 10.04.2023 | 11:17
фото: ашық дереккөз

Белгілі сарапшы Айбар Олжаев былтыр TikTok қожайыны – ByteDance компаниясының рекордтық табыс тапқанын айтты. Сонымен бірге ByteDance тарихта алғаш рет Қытай мен әлемнің технологиялық алпауыттары саналатын Tencent пен Alibaba-ны артта қалдырған.

Financial Times есебі бойынша, ТiкТок-тың EBITDA (салық пен амортизацияға дейінгі кірісі, - Айбар Олжаев) көрсеткіші шамамен 25 миллиард доллар болған. Қазақстанмен салыстыратын болсақ, ТікТок бір жылда біздің Ұлттық қордың жартысын тапты. Біздегі табысты компаниялар қатарындағы «ҚазМұнайГаздың» ебитдасынан 5 есе көп кіріс түсірген.

Қытайдағы корпоративті салықтың 25%-ы ставкамен жүретінін ескерсек, ТікТок Қытай бюджетіне 6,2 миллиард доллар пайда әкелді. Мысалы, Қазақстан ол ақшаға бір жылдық бюджет дефицитін жауып, проблемаларын шешіп алар еді, – деді ол.

Оның айтуынша, негізі ByteDance-тың ортақ табысы – 85 миллиард доллар. Оның 15 миллиард долларын ТікТок алып келсе, 70 миллиард долларын ТікТок-тың ішкі Қытайдағы версиясы – Douyin тапты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама