×

Жезқазғандық ата-аналар президентке үндеу жолдады (ВИДЕО)

Біздің пікірімізге құлақ асуын сұраймыз, - дейді

 Айнұр Шошаева 09.04.2023 | 13:04
фото: видеодан скриншот

Жезқазған қаласындағы Жоғарғы политехникалық колледжінде оқитын студенттердің ата-аналары білім ордасын басқа ғимаратқа көшіруге қарсы. Олар наразылық акциясын өткізіп, ел президентіне үндеу жариялады, деп хабарлады Halyq Uni

Ата-аналардың бейнеүндеуін журналист Айзада Тұрсынбекова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады. Онда атa-аналар колледж ғимаратын басқа жерге көшіруге қарсы екенін айтып отыр.

Біз, колледж студенттерінің ата-аналары президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасаймыз. Өзіміз осы колледжде оқыдық, қазір балаларымыз оқып жатыр. Бұл ғимаратты алып, басқа жерге көшірмек. Біз оған қарсымыз! Біздің пікірімізге құлақ асуын сұраймыз. Балаларымыз осы ғимаратта оқығандықтан, оны басқа мекемеге бергіміз келмейді. Мұнда қаншама мүмкіндігі шектеулі балалар білім алып жатыр. Бұл әрекеттеріңіз ата-аналардың қарсылығын тудырып жатыр, - делінген бейнежазбада.

 Айта кетейік, политехникалық колледждің 70 жылдық тарихы бар. Белгілі болғандай, білім ордасының ғимараты биыл ашылатын Қазақстан мен Канаданың бірлескен жобасы – Халықаралық техникалық университетке беріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама