×

НАТО Украинаға көмек беруді 2 есе көбейтеді

Бұл Альянстың украин елін өз қатарына қабылдай алмайтынының өтемақысы секілді болады

 Дастан Жұмабекұлы 06.04.2023 | 15:55
фото: ашық дереккөз

НАТО Украинаны қаржылай қолдауды 2 есе көбейту үшін Солтүстік Альянсқа мүше елдердің төлейтін жарнапұлды көбейту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Солтүстік Альянс елдерінің Сыртқы істер министрлері осы мәселені талқылап, Украинаға қаржылай көмек көрсетудің жыл сайынғы бағдарламасын қайта қарап, өткен жылғы 250 млн еуроны 500 миллионға дейін жеткізуді ұсынды.

Bloomberg-тің мәліметіне қарағанда, бұл Альянстың Украинаны өз қатарына қабылдай алмайтынының өтемақысы секілді болады.

Финляндия ресми түрде НАТО-ның 31-ші елі атанды. Енді НАТО мен Ресейдің шекарасы 1300 шақырымға жетті. Ендігі кезекте Швеция тұр. Оның кандидатурасын бұл жолы Түркия мен Венгрия қолдамады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама