×

«Ешқандай пайда түспейді»: астаналық сәулетші LRT-ның қай жерге дейін салынатынын айтты

LRT – жапондық архитектор Кисё Курокава жұмысы төңірегінде шыққан жоба

 Айгерім Таубай 05.04.2023 | 09:05

Астанадағы LRT бағаналары бір-бірімен жалғанған соң оның құрылысы әрі қарай жалғасады. Бұл туралы елорданың алғашқы бас жоспарын жасауға қатысқан архитектор, Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі Серік Рустамбеков Halyq Uni тілшісіне берген сұқбатында айтты.

Қазіргі әкімнің (Жеңіс Қасымбек – авт.) айтуынша, LRT жобасы әрі қарай жалғасады. Астананың жаңа бас жоспарында қарасақ, мұны әрі қарай да жалғастыратын ойы бар. LRT-ны оң жағалауда жалғастыру туралы ұсыныстар бар. Соған қарасақ, құрылысы әрі қарай жалғасады, - дейді Серік Рустамбеков.

Алайда архитектор LRT құрылысына әуел бастан қарсы болғанын жеткізді.

Айтуынша, LRT – жапондық архитектор Кисё Курокава төңірегінде шыққан жоба.  

Кисё Курокава Бас жоспардың жалғасы ретінде үлгі ретінде төрт нысан салу қажет болды. Бірі – тұрғын үй кешені. Екіншісі – саябақ. Кисё Курокаваның ұсынысы бойынша ол парк Қазақстанның табиғатын, оның ішінде фауна мен флорасын түгел көрсететін саябақ болуы керек еді. Үшінші жоба – үш қабатты су бульвары. Астыңғы қабатында көлік тұрағы, екінші қабатында ойын-сауық орталығы және жоғары қабатында серуендейтін жер болады деп жоспарланды. Төртінші жоба – LRT. Бұл 2000 жылы бекітілген жоспарда бар.

Төрт жобаның ішінде тек көпқабатты тұрғын үй кешені жоспары ғана іске асты.

LRT – жермен жүретін трамвай. Ескі теміржол вокзалын әуежаймен байланыстыруы қажет болған. Бірақ оны LRT деп жердің үстінен көтерді. Әрине, қымбатқа түседі. Ол кезде мұны EXPO көрмесіне байланыстырды. Келген адамдарды LRT-мен тасимыз деді, - деп еске алды Рустамбеков.

Архитектор LRT-ның дәл қазір ешкімге қажет емес екенін де айтты.

«LRT мына түрде қажет емес. Тек шығын. Ешқандай пайда түспейді. Оған кеткен ақша – далаға кеткен қаражат», - деді Серік Рустамбеков.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама