×

Ресей қару алу үшін Солтүстік Кореяға азық-түлік бергісі келеді

Бұл істі АҚШ жіті қадағалап отырады

 Дастан Жұмабекұлы 31.03.2023 | 17:50
фото: ашық дереккөз

Ресей Солтүстік Кореяға азық-түлік беріп, оның орнына қару алу үшін ресми делегация жіберейін деп жатыр. Бұл туралы АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің баспасөз хатшысы Джон Кирби айтты.

Осы мәселеге байланысты Америка Құрама Штаттары екі мемлекет арасындағы келісімнің қалай іске асып жатқанын жіті қадағалап отыратынын ескертті.

АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесі өкілінің айтуынша, Солтүстік Корея мұндай мәлімдемелерді бірнеше рет жоққа шығарған болатын. Қазір Ресей Батыс елдерінің қатаң санкциясына ұшыраған соң, өзіне аса қажетті қару-жарақты Солтүстік Корея мен Иран мемлекеттерінен сұрауға мәжбүр болып отыр.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама