×

Қарағанды – әлемдегі ең лас қалалар тізімінде

Былтыр Қазақстандағы ең таза қала Шу болған еді

 Еркеғали Болатұлы 15.03.2023 | 16:45
фото: ecoinfo.kz

Қарағанды әлемдегі ең ластанған қалалар рейтингінде 23-орында тұр, деп хабарлады Еkaraganda.kz.

Әлемдік IQAir порталының деректері бойынша, Қарағандының ластану индексі – 77,8 деңгейінде. 2021 жылы Қарағандыда бұл көрсеткіш төмен болған.

Ал ластану индексі 97,4 болатын Пәкістанның Лахор қаласы 1-орында тұр. Екінші орынға ластану индексі 94,3 болатын қытайлық Хотан жайғасты.

Рейтингтегі үштікке Үндістанның Бхивади қаласы 92,7 индексімен кірген.

IQAir порталының мәліметінше, былтыр Қазақстандағы ең таза қала Жамбыл облысының Шу қаласы болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама