×

Украина әскері Бахмутты қорғауды жалғастырады – Зеленский

Қазір Купянск, Лиман, Бахмут, Авдеевка мен Шахтерск бағыттарындағы дала қан майданға айналған

 Дастан Жұмабекұлы 07.03.2023 | 13:55
фото: ашық дереккөз

Украина президенті Владимир Зеленский халыққа кезекті үндеуін жолдап, жауынгерлердің Донецк облысындағы Бахмут қаласын қорғауды жалғастыра беретінін айтты.

Украина Қарулы күштерінің бас штабы Бахмутты қорғауды жалғастыра беруді ұсынды. Маған армияның командалық құрамы майданның негізгі бағыттары, соның ішінде Бахмуттағы жағдай туралы айтты. Жиында Бахмут қорғанысы төңірегіндегі жағдай жеке талқыланды. Қарулы күштердің командалық құрамы Бахмутты қорғауды жалғастыра берудің қажеттілігін атап өтті. Мен бұл ұсыныспен келістім, – деді Зеленский.

Сондай-ақ ол майдан шептеріне қару-жарақтар мен жабдықтар жеткізіп беру, оларды әртүрлі учаскелерге бөлу мәселесінің де қаралғанын айтты.

Украина президенті кеңсесінің хабарлауынша, жиынға премьер-министр, барлау басшысы, ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы, жоғары лауазымды күштік құрылымдар басшылары мен әскери қолбасшылар қатысқан.

Соңғы мәліметке қарағанда, Ресей армиясы Бахмут түбінде зор шығынға ұшырап жатыр. Былтыр жаздан бері қаза тапқан РФ сарбаздары украин әскерімен салыстырғанда 5 есе өскен.

Өткен тәулікте Украна Қарулы күштері Ресей әскерінің 140-тан аса шабуылын қайтарды. Қазір Купянск, Лиман, Бахмут, Авдеевка мен Шахтерск бағыттарындағы дала қан майданға айналған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама