×

Әлем чемпионатына бойкот жариялаған елдер балама турнир өткізеді

Бұл ұсынысқа 20 мемлекеттің өкілдері келісімін берді

 Дастан Жұмабекұлы 06.03.2023 | 16:03
фото: ашық дереккөз

Бокстан Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында өтетін әлем чемпионатына бойкот жариялаеан елдер балама турнир өткізуді ойластырып жатыр. Бұл туралы Жаңа Зеландия бокс қауымдастығының басшысы Стив Хартли айтты.

Оның айтуынша, әлем чемпионатына бойкот жариялаған 20 ел Нидерландта балама турнир өткізуді жоспарлап отыр.

Біз Zoom арқылы альянстағы 20 елдің өкілдерімен сөйлестік. Бұл елдердің ешқайсысы енді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастыратын бірде-бір іс-шараға қатыспайды. Ерлер арасындағы әлем чемпионатының орнына Нидерландта балама турнир өтеді, –  деді ол Stuff басылымына. 

Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты наурыз айында Нью-Делиде, ал ерлер арасындағы әлемдік дода мамыр айында Ташкентте өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама