×

Ердоған сайлау өткізу туралы шешім қабылдады

Еліміз 14 мамырда лайықты таңдау жасайды деп үміттенемін, – деді ол

 Дастан Жұмабекұлы 02.03.2023 | 13:10
фото: ашық дереккөз

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 14 мамырда президенттік және парламенттік сайлау өткізу туралы шешімін растады. Бұл туралы Deutsche Welle агенттігі хабарлады.

Ол Әділет және даму партиясы (AKP) атынан Парламентте сөйлеген сөзінде 14 мамырда елде президенттік және парламенттік сайлаудың болатынын растады.

Уақыт жақындап қалды. Еліміз 14 мамырда лайықты таңдау жасайды деп үміттенемін, – деді ол.

Қазір Режеп-Тайып Ердоғанның билігін елдегі және шет елдегі сарапшылар жер сілкінісінен қираған сапасыз үйлер мен ғимараттардың салынуына рұқсат бергені үшін сынап жатыр. Соған қарамастан, Ердоған президенттік және парламенттік сайлау өткізу туралы шешім қабылдады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама