×

Путин Ресейдің ыдырауы жөнінде айтып қалды

Мемлекет бөлінсе, «московиттер» немесе «оралдықтар» деген субэтникалық топтар пайда болады

 Дастан Жұмабекұлы 27.02.2023 | 12:11
фото: ашық дереккөз

РФ президенті Владимир Путин Ресейдің тарауына орай айтылып жүрген әңгімелерді өзінің пайдасына қарай айтқысы келіп, әңгіме қозғады.

Ол ресейліктерді Ресей Федерациясының ыдырауымен қорқытып, оларды өзімен бірге болу үшін топтастырғысы келетінін айтты.

Путин өзінің насихаттық бағыттағы «Россия 1» телеарнасына берген сұхбатында Батысты айыптады. Оның айтуынша, Батыс елдері Ресейді бөлшектеп жіберуге ұмтылып отырған көрінеді.

Сұхбат 26 ақпан, жексенбі күні таңертең эфирге шықты.

Олардың бір ғана мақсаты бар. Ол – бұрынғы Кенес Одағы мен оның негізгі бөлігі – Ресей Федерациясын таратып жіберу. Сосын, мүмкін, олар өркениетті елдер отбасысы деп аталатындарға бізді қосып алатын шығар. Бірақ біртіндеп, бөлшектеп қосады. Осы бөліктерді бағындырып алып, өздерінің бақылауына алады, – деп мәлімдеді Путин.

Ол осыдан кейін «орыс халқы» деген топтың біржола жоғалып кететінін, оның орнына «московиттер» немесе «оралдықтар» деп аталатын субэтникалық топтар пайда болатынын айтты.

Путиннің сөзіне қарағанда, мұндай жоспар «қағазға түсіріліп қойыпты». Алайда ол оның қандай қағаз екенін анықтап айта қоймады.

Тағы бір айтатын жайт, Украинаға қарсы соғыста жеңілістен көз ашпай келе жатқан Путин қазір көрінген жерде барынша ақталуға дағдыланып алыпты. Атап айтқанда, ол былтыр 24 ақпанда таңертең  өзінің бұйрығымен Ресей армиясының орасан зор адам және техника күшімен бір мезгілде Украинаның төрт бірдей облысына басып кірген фактісін жоққа шығарып, бұл соғысқа Батысты кінәлі етіп қойғысы келеді.

Путиннің мәлімдемесіне түсіндірме берген ресейлік саяси технолог Станослав Белковский Ресей президентінің осылайша соғыстағы жеңілісін насихат жолымен жеңіс етіп көрсеткісі келетінін келеке етеді. Ол енді Ресейдің күйреуден аман қалуын халыққа агрессияның жетістігі ретінде ұсынғысы келіп отыр. Соған дейін Ресейге ешқандай қауіп-қатер төнбегенін ешбір қаперіне алғысы келмейді. Ешкімнің өз Отанын өзге елдің жеріне барып қорғамайтынында да шаруасы жоқ.

Ресей президенті өзінің басты тарихи еңбегін осылай атап көрсетті. Ол бәрінің алдын алып, РФ-ны бөлшектеніп кетуден сақтап қалыпты-мыс. Айтқалы отырғаны осы, – деп жазды Белковский.

Айта кету керек, Ресейді ыдырау күтіп тұрғанын мұның алдында РФ Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев те сөз етіп еді. Ол егер Ресей Украинаға қарсы соғыста жеңіліс тапса, әлемнің саяси картасынан РФ-ның да жоғалып кететінін мәлімдеген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама