×

Украинадағы соғысты бақылап отырмыз – ҚР Қорғаныс министрлігі

Бүгінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқаратын әскерлердің дайындығына басымдық берілген

 Дәурен Ерболат 23.02.2023 | 13:40
фото: ашық дереккөз

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов Қазақстанның Украинадағы соғысты бақылап отырғанын, ол бойынша тиісті қорытынды жасалатынын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Әрине, барлық мемлекеттің қарулы күштері (Украинадағы соғысқа, – автор) талдау жасап, әскери қимылдардың қалай жүріп жатқанын бақылайды. Тиісті қорытынды шығарылады. Бір-біріне ұқсас қарулы қақтығыс болмайды, әрқайсысының өз ерекшелігі бар. Сондықтан біз (Украинадағы соғысты, – автор) талдап, тиісті қорытынды шығарамыз. (Қазақстан Қарулы күштерінің, – автор) жауынгерлік дайындық бағдарламасына түзету енгіземіз, - деді вице-министр Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Сұлтан Қамалетдинов Украинадағы соғыстан кейін Қазақстан әскері дайындығына қандай өзгерістер енгізілгеніне де тоқталды.

«Біріншіден, біз ұшқышсыз ұшу аппараттарының (дрондар) операторларымен жиын өткізіп, мұқият дайындықты бастадық. Себебі бұл әскери конфликтіде ұшқышсыз ұшу аппараттары барлауда және шабуыл жасауда қолданылып жатыр. Екіншіден, артиллерия. Зымыран әскерлерінің жиі қолданылатын жауынгерлік дайындығына да басымдық берілетін болды», - деді министрдің орынбасары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама