×

«Соңына дейін күресемін»: Бақытгүл Хаменова апелляциялық сот шешіміне қатысты пікір білдірді

Хаменова 7 жылға бас бостандығынан айырылды

 Айгерім Таубай 21.02.2023 | 14:47
Бақытгүл Хаменова, фото: azh.kz

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова апелляциялық сотта бірінші инстанциядағы сот үкімінің өзгеріссіз қалғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni.

«Соттың сауатсыз шешім шығарғанына қарап, өңірдегі судьялардың дербес шешім, әділ үкім шығаруда ешқандай билігі жоқ екеніне көзім жетті. Екі адамның жалған сөзіне құрастырылған істің қанша ақиқаты айтылса да, бәрібір оны өңірдегі құқық қорғау органдарының естір құлағы болмады», - деді Бақытгүл Хаменова.

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары енді Жоғарғы сотқа жүгінетінін айтты.

Менің еш кінәм жоқ. Ол Аллаға аян. Кассациялық сатыдағы сот істі егжей-тегжейлі қарап, үкім шығарады деп ойлаймын. Өңірдегі құқық қорғау органдарына сенің шындығың мен ақиқатыңның құны көк тиын. Содан кейін ешқандай да сенім болмайды. Мен өзімнің шындығымды, ақтығымды дәлелдеу үшін барлық тетікті пайдаланып, соңына дейін күресемін, - деді Хаменова.

Айта кетейік, 2023 жылдың 21 ақпанында Атырау облысында апелляциялық сот Бақытгүл Хаменоваға қатысты үкімді өгеріссіз қалдырды. Ал Хаменовамен бірге сотталған мәдениет басқармасының басшысы болған Ақылбек Рысқалиев пен «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамовқа қатысты сот үкімі өзгертілді.

2022 жылдың 15 қарашасында Бақытгүл Хаменоваға сот үкімі шықты. Сот үкіміне сәйкес, Бақытгүл Хаменова 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде 3 жылдан кейін өтейді. Хаменова сот залынан үйіне жіберілді. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама