×

Байден Ресейдің соғыста жеңілуге жақын қалғанын айтты

Путин анық қатты қателесті, - деді АҚШ президенті

 Дастан Жұмабекұлы 21.02.2023 | 09:55
фото: ашық дереккөз

АҚШ президенті Джозеф Байден Украинаға сапарында Ресейдің өзі бастаған агрессиялық соғысында жеңілгелі тұрғанын сөз етті. Бұл туралы «Европейская правда» хабарлады.

Ақ үйдің қожайыны Путиннің Украинаға басып кіргесін бір жылдан кейін жеңіліп жатқанын, оның бұл «басқыншылық соғыста өзі де құритынын, елін де күйрететінін» айтты.

Путин Украина әлсіз, ал Батыс бөлініп кеткен деп ойлады. Бүкіл әлемнің көз алдында тұтас бір мемлекетті өзіне тізерлетіп қоймақ болды. Сөйтіп, бізден асып түсемін деп ойлады. Ал қазір ол бұлай деп ойламайды деп ойлаймын, – деді Байден Украина президенті Владимир Зеленькиймен қатарласып тұрып.

Оның айтуынша, Путин анық қатты қателескен.

Оның дәлелі арада бір жыл өткенде осы жерден, осы бөлмеден көрініп тұр. Біз осы жерде Украина президентімен бірге тұрмыз, – деді Байден.

Ресей соғыс ашқан кезден кейін Байденнің Украинаға бірінші рет келіп тұруының өзі АҚШ-тың Украина мен оның халқына жасап жүрген қолдауының жалғасып жатқанын танытатын символдық сәт болып отыр.

Джо Байден украин халқының өздеріне демократияның мәніне жетуге көмектескендерін, осы арқылы өздерін ерекше тұрғыда танытқандарын айтты.

АҚШ президенті өз сөзінде соғыстың басталған және Ресей әскерлерінің Украина шекарасының өне бойына үйіліп-төгіліп келіп жатқанын бақылап отырған әлемнің үрейге берілген шағын еске түсірді. Сондай-ақ ол «Ресей ұшақтары әуеге көтеріліп, танктері шекараны кесіп өтіп жатқан» сол кездерде өзінің Зеленскиймен телефонмен қалай сөйлескенін айтып берді.

Сіз маған арт жағыңызда болып жатқан жарылыстар дауысын менің естіген-естімегенімді сұрадыңыз. Мен мұны ешқашан ұмытпаймын, – деп мәлімдеді ол.

Одан әрі АҚШ президенті Зеленскиймен телефонмен әңгімесіндегі тағы бір жайтты еске алды.

Сол кезде мен сізге әлем әне-міне дегенше өзгереді. Әлем лидерлерін жинаңыз. Олардан Украинаға қолдау көрсетуді сұраңыз. Сіз біздің енді тағы қашан әңгімелесе алатынымызды білмейтініңізді айттыңыз. Бір жыл бұрын сол қараңғы түні бүкіл әлем шын мәнінде Киевтің құлауына дайындалып отырды. Бәлки, Украинаның да ақыры жетуін күткен шығар. Арада бір жыл өтті, Киев орнында тұр. Украина да орнында. Демократия орнында, америкалықтар, әлем сіздермен бірге тұр, – деді ол.

Байден сондай-ақ Киев «жүрегінің бір бөлігін жаулап алғанын» айтты.

АҚШ президенті Джо Байден Киевке сапары барысында Құрама Штаттар атынан 500 млн доллар тұратын әскери көмектің жаңа пакеті берілетінін және Ресейге агрессиясы үшін қосымша санкциялар жасалғалы жатқанын да мәлімдеді. Сондай-ақ Жапония премьер-министрі Фумио Кисида Украинаға 5,5 млрд доллар көлемінде қаржылай қолдаудың жаңа пакеті ұсынылғанын жариялады.

Осы күні Киевте, Жоғарғы рада жанындағы Батылдық аллеясында АҚШ президенті Джозеф Байденге арналған қалақша орнатылды. Осы рәсімге қатысқан мәртебелі мейман артынан еліне ұшып кетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама