×

Ресейде 30 жасқа дейінгі жастар әскерге шақырылуы мүмкін – БАҚ

РФ тұрақты әскерінің санын 2 млн адамға дейін жеткізуді көздеп отыр

 Дастан Жұмабекұлы 13.01.2023 | 16:08
фото: ашық дереккөз

Ресей Мемлекеттік думасы қорғаныс жөніндегі комитетінің төрағасы Андрей Картаполов биылғы көктемде 30 жасқа дейінгі жастарды армияға шақыру жоспарланғанын хабарлады. Бұл туралы ол «Парламентская газета» басылымына берген сұхбатында айтты.

Көктемгі әскерге қабылдау науқанына дейін әрбір әскери комисариат қанша адам жаңа талапқа сай келетінін анықтауға тиіс. Сосын осы мәліметті әскери мақсатқа алмастырады, – деді ол.

Оның айтуынша, әзірше әскерге қабылдау жасын 30 жасқа дейін көтеру туралы мәселе көтеріліп отыр.

«Әскери комиссариатта 21-30 жас аралығында әскерге бармаған 100 адам бар делік. Мақсат әскер қатарына 200 адамды шақыру болса, жартысын 18 жастағылар, қалғанын 21-30 жас аралығындағылар толтырады», – деді депутат.

Қазір Ресей тұрақты әскерінің санын 2 млн адамға дейін жеткізуді көздеп отыр. Бұл туралы ақпаратты Украина барлауы жариялады.

Ресей алғашқы мобилизация кезінде әскерге 300 мың адамды шақырды. Енді әскерге ішінара жұмылдырудың екінші толқынын жариялауды мақсат етіп отыр. Оған шамамен 500 мың адам шақырылады делінуде. Бұл Ресейге қосымша резерв жасауға мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама