×

Қытай Путинге сенім жоғалғанын мәлімдеді

Ресей президенті Украинаға басып кірер алдында Си Цзиньпинге бір ауыз сөз айтпаған

 Дастан Жұмабекұлы 12.01.2023 | 11:37
фото: ашық дереккөзден біріктірілген

Қытаймен стратегиялық әріптестіктері бар екенін мәлімдеген Ресей президенті Владимир Путин бір жылдан бері Бейжіңнің сенімінен біртіндеп айырыла бастады. Бұл туралы The Moscow News хабарлады.

Қытаймен стратегиялық және жалпыны қамтушылық әріптестіктері барлығын мәлім еткен Ресей президенті Владимир Путин мұның салиқалы шешім қабылдай алатыны мен украин авантюрасы «қақпанынан» шығынсыз шыға алуға қабілетті екеніне барған сайын күдігі молая түскен Бейжің басшылығының сенімінен ажырай бастады, – делінген хабарламада.

Бұл ретте ҚХР Ресейді енді Украинада жеңіске жете алмауы мүмкін, бұл жанжалдан әлемдік саяси және дипломатиялық аренадағы әлеуеті әлсіз, маңызы төмен мемлекет статусында шығады деп есептейді екен.  

The Moscow News-тың хабарлауынша, Қытай шенеуніктерінің бірқатары өзара пікірталастар барысында жеке өздерінің Путинге деген сенімдерінің түсіп кеткендерін ашып айтқан.

Ресей президенті Украинаға басып кірер алдында бұл жайында Си Цзиньпинге бір ауыз сөз айтпаған, ешбір ескертпеген. Ол соғыс бастаудан бірнеше күн бұрын Бейжіңге келген сапары барысында тек егер Киев Ресей территориясына шабуыл жасап, гуманитарлық апатқа мұрындық болып жатса, тиісті шара көре алатынын ғана баяндаған. Қытай басшысы мұны сол кезде белгілі бір шекте қақтығысқа апарса да кең ауқымды басып кіруге ұласады деп ойламаған, – делінген материалда.

Өзінің аты-жөнін атап көрсетпеуді өтінген қытай шенеуніктерінің бірінің айтуынша, Путин ақылынан алжасты. Көрші елге басып кіру жөніндегі шешімді олар (Ресейдегі, - ред.) шағын топ болып қабылдаған. Қытай жалпы Ресейдің бұл әрекетін еш түсінбейді.

Порталдың хабарлауынша, Ресейдегі ахуалды алдын ала болжап, баға берудегі қателігі Қытай Сыртқы істер министрлігінде осы елге жауап беретін бас сарапшы, министрдің орынбасары Лэ Юйчэнді бірден қызметінен айырылуға алып барған. Бұдан кейін Қытай Батыспен арадағы қарым-қатынасты реттеп, Еуропадағы өз позициясын нығайтуға көп күш салған. Осы мақсатта Си Цзиньпин ведомство басшысы етіп Қытайдың АҚШ-тағы бұрынғы елшісі Цинь Ганды қойған.

Еуроодақ қашаннан ҚХР-дың аса ірі сауда әріптесі болып келеді. Осы блоктың екі мемлекеті – Нидерланд пен Германияның өзі ғана Ресейге қарағанда, бұл елден 3,3 есе көп сомаға тауарлар сатып алып тұрады. Мұндағы РФ көрсеткіші 73 млрд доллар болса, олардыкі – 245 млрд доллар. Бұл салада Ресей тіпті Қытай компанияларының басты экспорт нарықтарының алғашқы топ-10-ы құрамына да кіре алмайды.

Қытай Ресейге бүйрегі бұрса, өзінің басты экономикалық әріптестері болып отырған бірнеше айрықша дамыған елге бір мезгілде бетпе-бет қарсы келіп қалатынын тез түсінді, – деді Сяньгандағы Қытай жөніндегі сарапшы Жан-Пьер Кабестан.

Сондықтан Қытай Еуроодақпен және оған мүше әлеуетті елдермен, сондай-ақ АҚШ-тың Азиядағы Жапония, Корея және Вьетнам секілді одақтастарымен жақындасуға бірден бар күшін салды деген пікірде сарапшы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама