×

Путин өзіне неге тоғызыншы жүзікті қалдырды?

Кітапта Саурон деген кейіпкер жұртты өз жағына тартып, сиқырлы сақинаның құдіретін қатты пайдаланған

 Дастан Жұмабекұлы 28.12.2022 | 09:51
фото: ашық дереккөз

Ресей президенті Владимир Путин ТМД елдері басшыларына бір-бір алтын жүзіктен сыйлап, тоғызыншысын өзіне қалдырды. Бұл туралы «Коммерсантъ» хабарлады.

Биліктің тоғыз сақинасы – ағылшынның атақты жазушысы Джон Толкиннің «Сақиналар билеушісі» деген кітаптары сериясының орталық артефактісі. Кітапта Саурон деген кейіпкер жұртты өз жағына тартып, өзінің дегенінде жүрулері үшін осы сиқырлы сақинаның құдіретін қатты пайдаланған. Ал оның қолынан сақина алған адам елеске айналып кететін болған. Сол Саурон 9 сақинаны 9 корольдің қолына таққан. Содан кейін тоғызы да соңыра елес-әруаққа айналып кеткен, –  делінген материалда.

ТМД символы ойып салынған сақинада «С Новым годом 2023» деген жазу да бар. Онда кішірек әріппен жазылған «Россия» деген жазба да бар болып шықты. Мұнысы саммит өтіп жатқан елді білдірсе керек.

Путиннің сыйлықтарын Беларусь президенті Александр Лукашенко, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Сердар Бердымухамедов, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама