×

Алматылықтар жүргізуші куәлігін алу үшін кезегін 1-2 ай күтіп қалады

Қалада «В» санатына практикалық емтихан тапсыру үшін небәрі 7 көлік қарастырылған

 Еркеғали Болатұлы 23.12.2022 | 16:22
фото: Филипп Иващенко

Қазір 2 миллион тұрғыны бар Алматыда жол көлік оқиғасы, оның ішінде соңы адам өлімімен аяқталатын апат көбейіп кетті. Сол себепті, AMANAT партиясының мүшелері мен автомектептердің өкілдері халыққа қызмет көрсету орталықтарына мониторинг жүргізіп, бірқатар келеңсіздікті анықтаған.

Жалпы, қалада «В» санатына практикалық емтихан тапсыру үшін небәрі 7 көлік қарастырылған көрінеді. Ал жүргізуші куәлігін алғысы келетіндер өте көп. Бірақ олардың теориялық емтихан тапсырып болған соң, тәжірибелік сынақтан өтуі қиын. Себебі көлік жетіспейді. Автомектеп директоры Мая Мәденованың айтуынша, жұрт кезекті 1-2 ай күтуге мәжбүр.

Сол себепті, «бармақ басты, көз қысты» әрекетке жол берілетінін жергілікті билік өкілдері де мойындап отыр.

Өлімге әкелген апаттардың 40%-ын тәжірибесі аз жүргізушілер жасайды екен. Соны қазір зерттейміз. Мына мамандандырылған ХҚКО-ның өзінде біраз мәселе бар. Мына отырған балалардың жалақысы өте төмен – 120 мың теңге. Оған қазір кім жұмыс істейді?

Сондай-ақ теориялық емтихан тапсырғаннан кейін 1-2 ай практиканың емтиханын күтеді. Сөйтіп оларды жемқорлыққа өзіміз итермелейміз», - деді Алматы қалалық мәслихатының депутаты Ерболат Қасымов тілшілерге берген жауабында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама