×

Қуандық Бишімбаев Ұлттық банкті рубльге қатысты батыл шешім қабылдауға шақырды

Экс-министр Еуразиялық экономикалық одақ іс жүзінде жұмыс істеп жатпағанын айтты

 Айнұр Шошаева 10.03.2022 | 11:14
коллаж: Halyq Uni

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Еуразиялық экономикалық одақ туралы пікірін білдіріп, «Ұлттық банк батыл шешім қабылдап, рубльден бас тартуға тиіс» деп жазды.

«Қазір көбі Ресеймен Экономикалық одақтан шығу туралы айтып жатыр. Эмоцияға толы пікір. Бірақ бұл прагматикалық көзқарас емес. Негізі, Еуразиялық экономикалық одақ қағаз жүзінде жұмыс істеп тұр. Яғни де-юре бар, де-факто жоқ. Ал Ұлттық банк теңгені рубльден айырудан қорықпауы керек», — деп жазды экс-министр.

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 2018 жылдың 14 наурызында 10 жылға сотталды. Экс-министр Қызылордадағы шыны зауытына деп бюджеттен бөлінген 1 млд теңгені жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Экс-шенеунікпен бірге «Бәйтерек Development»-тің бұрынғы басқарма төрағасы Бақыт Жақсыбаев және оның орынбасары - депутат Қабиболла Жақыповтың ұлы Аслан Жақыпов пен өзге де топ-менеджерлер және бизнесмендер, бас-аяғы 22 адам сотталды.

Бишімбаев өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ. Тек Елбасы мен халық алдында кінәлі екенін айтқан. Кейін оның жазасы 4 жыл, 8 айға дейін қысқарып, Бишімбаев сол мерзімнің үштен екі бөлігі өтеп, 2019 жылдың қазан айында түрмеден уақытынан бұрын босатылып шықты. Қалған 1 жыл, 3 ай жеңілдетілген жазаға, яғни  айыппұлға ауыстырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама