×

«Кез келген уақытта құлауы мүмкін». Жезқазғанда әрбір бесінші үйдің тозығы жеткен

Жергілікті әкімдік қабылдаған шаралар арқылы мәселені жедел шешуге мүмкіндік жоқ

 Еркеғали Болатұлы 25.11.2022 | 15:40
фото: ezolotuhin.com

Бүгін сенатор Советбек Медебаев Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында Ұлытау облысындағы баспана мәселесін көтерді. Оның айтуынша, Жезқазғандағы әрбір бесінші үйдің тозығы жеткен, ал 34 тұрғын үй апатты жағдайда тұр.

Ол жергілікті әкімдік қабылдаған шаралар арқылы мәселені жедел шешуге мүмкіндік жоқ екенін де алға тартты. Облыстың жаңадан құрылған тұрғын үй құрылысына инвесторлар қаржы салуға асықпай отырған көрінеді.

Мәселені шешу жолдарының бірі – мұндай тұрғын үйдің иесіне өтемақы төлеу, - дейді депутат.

Бірақ заң бойынша ақша төтенше жағдай болған кезде, үй құлағаннан кейін ғана беріледі. Сондықтан ол апатты жағдайда тұрған үй иесіне баспананы жекешелендіру құқығымен бірінші кезекте беру керектігін ұсынды.

«Ғимараттың құлау фактілерінің болмауына қарамастан, ескірген тұрғын үйлердің кез келген уақытта үлкен апатты жағдайға алып келу қаупі жоғары екенін ескеру қажет. Себебі тиісті шаралар дер кезінде қабылданбаса, төтенше жағдай болуы әбден мүмкін», - деді Советбек Медебаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама