×

ҰҚК 7 адамға оқ ату бойынша істің тергелуіне кедергі келтіріп отыр – Айман Омарова

Тағы бір жантүршігерлік оқиға дұрыс тергелмей жатыр

 Айнұр Шошаева 28.02.2022 | 17:30
фото: Halyq Uni

Белгілі адвокат Айман Омарова Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысында бейбіт азаматтарға оқ ату бойынша қозғалған қылмыстық істің тергелуіне кедергі келтіріп отырғанына айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

7 қаңтар күні Алматы облысында бір отбасының жеті мүшесі Сағындықов Еркеғали, Сағындықов Тынышты, Сағындықов Нұрлан, Сағындықова Сәуле, Сағындықова Аягөз, Бақбердиев Әкетай, Имебергенов Талғат жаназаға жолға шыққан. Торғапқа келіп тамақ ішу үшін аялдағанда оларға арнайы мақсаттағы қызметкерлер алдымен қарап кетіп, содан кейін оқ жаудыра бастаған. Екі адам көз жұмып, біреуінің аяғына оқ тиген. Басқалары жылап, атпауын сұрағанына қарамастан оқ атуды жалғастыра берген, - деді Омарова фейсбукте өткізген тікелей эфир кезінде

Оның айтуынша, қылмыстық істің 99-бабы, 2-тармағына сәйкес адам өлтіру бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір істі ІІМ әскери тергеу басқармасы тергеп жатыр.

«Менің түсінуімше, ҰҚК осы қылмыстық істі тергеуде әскери тергеу басқармасына кедергі келтіріп отыр. Өйткені егер іс адал тергелсе, бейбіт азаматтарды атып тастаған жігіттерді жауапқа тарту керек. Ол адамдардың митингке қатысы жоқ. Атыс болған жерде ешқандай блокпост болмаған. ҰҚК арнайы мақсаттағы тағайындау қызметіне қарасты мамандар ол жерге қайдан барды және олар неге оқ атты? ҰҚК басшылығы өз қызметкерлерін қылмыстық жауапкершіліктен құтқарғысы келеді деп ойлаймын. Егер қазір іс әділ тергелесе, оларға бұйрық берген адамды табу керек болады. Оларды кім жіберді?», – деп қосты адвокат.  

Ол ІІМ әскери тергеу басқармасының аталған қылмыстық істі тергеуді жүргізе алмайды деген пікірде. 

Сондықтан мен Бас прокуратурадан ҚР ІІМ ӘТБ іс жүргізуіндегі осы қылмыстық істі алуын сұраймын. Менің ойымша, әскери тергеу басқармасы бұл істі тергей алмайды. Оны арнайы прокуратура жүргізуі керек деп есептеймін, - деді Айман Омарова.

Бұған дейін Halyq Uni тілшісі адвокатпен сұқбат жасап, маман 20 мың террорист, азаптаулар мен зорланған әйелдер туралы айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама