×

Электронды оқулық енгізуді қоя тұру керек – Қазақстанның бас балалар офтальмологы

 Айнұр Шошаева 05.11.2022 | 12:24
Фото: astana-akshamy.kz

Цифрлық технологияларды кеңінен енгізу және әртараптандыру көздің шаршап, көру қабілетінің нашарлауына әкелуі мүмкін. Қазақстанның бас балалар офтальмологы Әйгерім Тулетова мектеп оқушыларына оқулықтың орнына планшет беру мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq uni тілшісі. 

Оның пікірінше, бүгінгі күні біз жоғары жылдамдықты, үлкен ақпарат ағыны әлемінде өмір сүріп жатырмыз. Әрі бұл процеске ересектепмен бірге баллаар да қатысып жатыр. 

Электрондық медиа, компьютерлер немесе әртүрлі гаджеттер кез келген адамның өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады. Мұны мойындауымыз керек. Тұтастай алғанда, баланың, жасөспірімдердің өміріне компьютерлік технологияларды енгізуге жаман немесе жақсы қарауға болады, ұзақ уақыт бойы дауласып, артықшылықтары мен кемшіліктерін дәлелдеуге болады. Оның артықшылықтары мен кемшіліктері бар, - деді дәрігер. 

Дәрігер цифрлық технологияларды кеңінен енгізу және әртараптандыру көздің тез шаршап, көру қабілетінің төмендеуіне себеп болуы мүмкін екенін айтады. Бұл ретте, оның пікірінше, зор жауапкершілік ересектердің мойнында болып отыр. 

Бұған дейін елімізде 60 мың оқушының көзі анық көрмейтінін жазған едік. Оны мамандар COVID-19 пандемиясы кезіндегі онлайн оқудың салдарымен байланыстырады. 

Цифрлық визуалды шаршаумен миопия эпидемиясы бүгінде денсаулық сақтаудың өзекті мәселелеріне айналып жатыр. Миопия ол - соқырлық пен көру қабілетінің нашарлауына әкелетін ауру. 2050 жылға қарай жер халқының жартысы миопия болады, ал олардың бестен бірінде жоғары дәрежелі миопия болады деген болжам бар. Миопияны тиімді бақылауға мүмкіндік беретін әдістерді іздеу маңызды ғылыми-зерттеу жұмыстарының нысаны болып табылады, - деп толықтырды офтальмолог. 

Дәрігер көз ауруының тәуекел факторларын дұрыс бағалау, күндізгі уақытта балалардың күнделікті таза ауада серуендеуін қамтамасыз ету маңызды деп есептейді. Сонымен қатар көру жүктемелерін жақыннан бақылау, фокустық қашықтық кемінде 30 см болуы керек екенін есте ұстаған жөн. Әсіресе, мектеп жасына дейінгі балаларға гаджетті 30 минуттан артық үздіксіз көрген дұрыс емес. 

Миопияның басталу жасы өте маңызды фактор болып табылады, ол неғұрлым ерте пайда болса, оның даму жылдамдығы және асқыну қаупі соғұрлым жоғары болады. Ал ол неғұрлым кеш көрінсе, оның дәрежесі мен асқыну қаупі соғұрлым аз болады. Жалпы балалардың визуалды жүктемесінің артуы оқу бағдарламасының күрделі болуымен байланысты. Сондықтан, менің ойымша, тым болмаса бастауыш сыныптарға электронды оқулықтары енгізуді қоя тұру керек, - деп қорытындылады еліміздің бас балалар офтальмологы. 

Еске сала кетейік, Үкімет келесі жылдан бастап бірінші сыныпқа баратын оқушыларға оқулықтың орнына планшет беруді жоспарлап отыр. Осылайша балаларды ауыр сөмкеден арылтуды көздейді. Алайда білім сарапшысы Қайсар Тұрсынқожа бұны бюджеттің қаржысын босқа шашу деп пікір бірдірді. 

«Менің ойымша бұл мүлде қате. Жай бюджеттің ақшасын жымқыру, мақсатсыз құрту және министрліктердің арасында бөліп алу деп ойлаймын. Себебі дені дұрыс мемлекеттерде алдымен фокус-топ құрылуы керек. 2023 жылы бірінші сыныпқа баратын 400 мың оқушыға аламыз деп жатыр. Алдымен бір ауыл мен қалада зерттеп көру керек. Ғылыми еңбек пен оның нәтижесі болуы тиіс. Фокус-топты бір жыл бақылап, балалардың денсаулығына әсерін, оның ішінде кітаппен оқыған бала мен планшетпен оқыған баланың үлгерімін салыстыруы қажет», – деді сарапшы. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама