×

Грекия Путинді Украинаға соғыс ашқаны үшін соттау идеясын қолдады

Қылмысты жасағандар жауапқа тартылуға тиіс

 Дастан Жұмабекұлы 01.11.2022 | 14:12
фото: ашық дереккөз

Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакис Балтық елдерінің Ресейді Украинаға агрессиясы үшін жауапқа тарту идеясын қолдайтынын білдірді. Бұл туралы bb.lv хабарлады.

Егер соғыс қылмысы жасалған болса, Путиннің қылмыскер екені дәлелденетін болса, мен бұл қылмысты жасағандар жауапқа тартылуға тиіс деп айтар едім. ЕО елдері лидерлері кеңесінің барлық мүшелері бұған келіседі ғой деп ойлаймын, – деді Кириакос Мицотакис Вильнюсте Грекия мен Литва премьер-министрлері кездесуінен кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Одан әрі ол өз ойын былай жалғастырды:

«Негізінде біз осындай пікірдеміз. Сіздерге айтқанымдай, біз осы қылмысты жасағандардың сот алдында жауап беруге тиіс екеніне сенімдіміз».

Осы ретте, Кириакос Мицотакис Грекия Балтық елдері біраздан бері көтеріп келе жатқан мәселемен толық келісетінін жеткізді.

Ресей басшылығы заң алдында жауап беруі керек, –  деді премьер-министр.

Сонымен бірге Мицотакис Ресей басқыншыларының Украина жерінде мақсатты түрде азаматтық инфрақұрылымдар нысандарына шабуыл жасайтындарын атап өтіп, болашақта Украинаға саяси, әскери және қаржы жағынан қолдау көрсетуге уәде берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама