×

Дархан Қыдырәлі дәстүрлі БАҚ-қа интернетке көшу керектігін ескертті

Азаматтық журналистика мен смартфон журналистикасы алдыңғы қатарға шығып келеді

 Еркеғали Болатұлы 26.10.2022 | 13:53
фото: ашық дереккөз

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Astana media week барысында дәстүрлі БАҚ өкілдеріне интернет кеңістігін игеретін кез келгенін айтты.

Министр ақпарат дәуірінде интернет пен жаңа технологиялардың қарқынды дамуы ақпарат ағынын жеделдеткенін атап өтті. Оның айтуынша, қазір интернет пен әлеуметтік желілер «көлденең билік» деп аталатын жаңа қоғамдық күшке ие. Азаматтық журналистика мен смартфон журналистикасы алдыңғы қатарға шығып келеді.

Интернеттегі жаңалықтар мен визуал контент ақпарат алудың негізгі арнасына айналды. Дәстүрлі БАҚ өкілдері, әсіресе, баспа басылымдары осыны ойлағаны жөн, - деді Дархан Қыдырәлі.

Сондай-ақ ол халықаралық статистика бойынша, 2022 жылдың қаңтарында әлемде 5,5 миллиард адам ұялы телефон пайдаланғанын, интернет пайдаланушылар саны да 5 миллиардқа жуықтағанын, әлем халқының жартысынан астамы желіге ұялы құрылғы арқылы қосылатынын нақтылады.

Ал 2021 жылы зерттеулерге сәйкес, 16 мен 64 жас аралығындағы қолданушылардың 60%-ы ақпаратқа жылдам қол жеткізу үшін интернетті пайдаланған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама