×

Бұл ел садистердің еліне айналды – әскери сарапшы

Олар зымырандармен бейбіт тұрғындарды аяусыз атқылағанда өздерінің шын қуанатындарын білдіріп жүр

 Дастан Жұмабекұлы 21.10.2022 | 17:46
фото: ашық дереккөз

Әскери сарапшылар Ресей халқының көбісінің психикасында ауытқушылықтар бар екенін атап көрсетті.

Бұл туралы Obozrevatel хабарлады.

«Ресейдің Украинадағы соғысы әсерінен қатардағы көптеген ресейліктердің ауыр психологиялық ауытқушылықтарға тап бола бастағаны байқалып отыр. Сондықтан олардың көбі қазір Ресейдің оккупант әскерлерінің Украинадағы азаматтық инфрақұрылымдар мен бейбіт тұрғындарды аяусыз атқылауларына өздерінің шын қуанатындарын білдіріп жүр. Бұл – садизмнің бірден-бір белгісі.

Разумков атындағы халықаралық жобалардың үйлестірушісі, сыртқы саяси бағдарламасының тең төрағасы, әскери сарапшы Алексей Мельник осындай пікір білдірді», - делінген материалда.

«Бұл – өте дабылды ескерту, себебі, психологиялық ауытқушылық қазір Ресей қоғамы деңгейіне, бүкіл ел деңгейіне жетіп тұр», – деді ол.

Сарапшынының айтуынша, елдің халқы бүгінде жаппай психоз аурумен ауруға айналған. Мельник мұндай тенденцияның ел тұрғындарының әлеуеттік желіде жазып жатқан ойлары мен пікірлерінен де анық көрінетінін білдірді.

«Ресейліктер, өздері айтатындай, Украинаны «Тас ғасырына қуып апарып тастағандарына» шын жүректен қуанатындарын әрдайым байқатып отыр. Бұл – біреудің азап шеккеніне екінші адамның шынымен қуанатынынан анық байқалатын садизмнің абсолютті нақты белгісі», – деді Мельник.

Мельниктің айтуынша, Кремльдің басшысы Владимир Путин өз армиясының ұрыс даласындағы сәтсіздіктерінің орнын толтыру үшін украин қалаларын камикадзе-дрондармен және зымырандармен атқылауды қолға алып отыр. Ішін күйік жайлаған ол осылай бейбіт қалаларды қирату арқылы кегін қайтаратын ар-ождансыз әрекетке баруда. Оның осы садизмі ресейліктерге ауып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама