×

Заңгерлер одағы Әлтаевтың кандидатурасы неге жарамсыз болғанын түсіндірді

Шын мәнінде оны тек 6 адам қолдаған

 Еркеғали Болатұлы 20.10.2022 | 11:55
фото: ашық дереккөз

«Қазақстандық заңгерлер одағында» Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаевты президенттікке ұсыну туралы хаттаманы сот неге жарамсыз деп танығаны анықталды деп хабарлады 31 арна.

Осыған дейін Нұржан Әлтаев «Мұқалмас» қоғамдық бірлестігі атынан президенттікке кандидат болып тіркелу үшін Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырған еді. Алайда бірлестіктің кейбір басшыларынан оның жалған отырыс хаттамасын жасатқаны туралы арыз түсті.

Сот хаттаманы жарамсыз деп таныды. Кандидатты ұсыну хаттамасы жарамсыз болғандықтан, тиісінше, Орталық сайлау комиссиясы оны президенттікке кандидат ретінде тіркеуді тоқтата тұруға немесе оны сайлау науқанынан шығаруға міндетті, – деді «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ орталық кеңесінің мүшесі Әнуарбек Сқақов.

Сарапшылардың айтуынша, сот дәлелдер арқылы «Мұқалмас» РҚБ отырысының хаттамасы шындыққа жанаспайтынын анықтады. Онда көпшіліктің бұрынғы мәжілісмен Нұржан Әлтаевты ұсынуға келіскені туралы айтылған. Шын мәнінде оны тек 6 адам қолдаған. Ал 11 адам қарсы дауыс беріпті. Сонымен қатар, жиналыс залында «Мұқалмас» РҚБ мүшесі болып табылмайтын адамдар қатысып, дауыс берген. Шын мәнінде олардың дауыс беруге хақысы жоқ.

«Әлтаев «азаматтық іс жүргізу кодексі бойынша сот бұл процесті 2 ай қарастыруы керек еді» деп мәлімдеме жасаған. Алайда «Сайлау туралы» заңның 49-бабында сайлау заңнамасына қатысты сот отырысы 5 күнде қаралатыны жазылған. Сондықтан сот шешімін заңсыз деп айтуға негіз жоқ», – деді «Адал сайлау үшін» басшысы, «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ төрағасы Серік Ақылбай.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама