×

Ресейдің оқ-дәрі қоры таусылуға жақын –  Британия арнайы қызметі

Бұл соғыс орыс армиясын әбден жүдетті

 Дастан Жұмабекұлы 12.10.2022 | 18:03
фото: ашық дереккөз

Британия барлау қызметі Украинаның қалаларын жаппай атқылаудың астына алған Ресейде оқ-дәрінің таусылып келе жатқанын жеткізді.

Бұл туралы The Moskow Times хабарлады.

Ресей армиясы 10 қазан күні Украина қалаларына 87 зымыран жөнелткен.

«Біз Ресей снарядтарының таусылуға жақын екенін білеміз. Оны Ресейдің жергілікті жердегі командирлері де жақсы біледі», – деп мәлімдеді Ұлыбитания Үкіметтік байланыс орталығының басшысы Джереми Флеминг.

Оның айтуынша, РФ президенті Владимир Путиннің мобилизция жөніндегі соңғы шешімі мен Украинаны азаматтық инфрақұрылымдарын соққының астына алуы ішкі қарсылықтың болмау себебінен туындаған «зор қателік» болды.

«Бұл – төленетін құны өте жоғары стратегиялық қателік», – деді Флеминг.

 Ол Ресейдің Украинадағы соғысқа жұмсалған шығынының орасан зорлығы әлем жұртшылығын «есінен тандыратынын» да атап көрсетті.

«Бұл соғыс орыс армиясын әбден ыңыршағы айналғанша жүдетті», – деді ол.

Флеменг Ресей халқының Путин шешімінің өздеріне әкелген проблемаларын енді түсіне бастағанын айтты.

Осының алдында Ресей армиясы күні бойы Украинаны қалаларын зымырандардың алуан түрімен атқылаумен болды. Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужный Ресейдің бір күн бойы Украинаға 87 ракета мен 26 дрон жібергенін айтты. Украина Әуе шабуылына қарсы күштері 46 ракетаның шабуылын қайтарып, 26 беспилотникті жойды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама