×

Байден Зеленскийге қатаң ескерту жасады

Ол Украина жақсылықты бағаламаса, көмек көрсетпейтінін айтты

 Дастан Жұмабекұлы 12.10.2022 | 17:09
фото: ашық дереккөз

АҚШ президенті Джо Байден Украина президенті Владимир Зеленскийге жасаған жақсылықты бағаламаса, көмек көрсетпейтінін ескертті.  

Ол Зеленскийге АҚШ-тың Украинаның Ресеймен соғысқа көмегін жеткіліксіз деп шағымдана берсе, ақшалай да, қару-жарақпен де көмек берілмейтінін айтты.

Бұл туралы «The Washington Post» басылымы хабарлады.

Байден Зеленскиймен кездесуде АҚШ-тың көмегін жеткіліксіз деп жатса,  Конгресстен ақша сұрау қиынға түсетінін айтты, – деп жазды басылым.

Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, Зеленский АҚШ пен Батыстың басқа елдерінен онсызда көп мөлшерде қосымша қару-жарақ жіберуді үнемі талап етіп келеді. Сондықтан америкалықтар арасында түсінбеушілік болып жатыр. Осыған байланысты Байден Зеленскийге жасаған жақсылықты бағаламаса, көмек көрсетпейтінін қатаң ескертті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама