×

Терроризмді қаржыландыру: ҚМА аудиторлық ұйымдардың қызметіне күмән келтіріп отыр

Қазақстанда 484 аудиторлық ұйым жұмыс істейді

 Ербол Тұрымбет 16.02.2022 | 09:46
коллаж: Halyq Uni

Аудиторлық ұйымдар қызмет көрсете отырып, клиенттердің жұмысындағы олқылықты анықтау үшін олардың қаржы қызметін тексереді, салық салу, кәсіпорынның есеп саясаты және басқа да мәселелер бойынша кеңес береді.

Сонымен қатар олар көлеңкелі схемалардың, атап айтқанда салық салудан жалтару, бюджет қаражатын жымқыру, ақша қаражатын заңсыз шығару және оффшорға аудару сияқты немесе өзге де белгілерін уақтылы анықтай алады.

Осыған байланысты аудиторлық ұйымдар қаржы мониторингі субъектілерінің тізбесіне енгізілген, оларға кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңның барлық талабы қолданылады.

Қазақстанда 484 аудиторлық ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 418-і ғана Қаржылық мониторинг агенттігінің қаржы операциялары туралы деректер жинау жүйесінде тіркелген.

Агенттіктің деректер жинау жүйесінде тіркелгендердің ішінен аз ғана бөлігі шектіжәне күдікті операциялар туралы хабарлама жібереді.

Агенттік өз кезегінде жоғарыда көрсетілген мәліметті кейіннен тексеру және қажетті шаралар қабылдау үшін аудиторлық ұйымдардың реттеушісі – Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне жібереді.

Тексеру қорытындысы бойынша кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңның талаптарын сақтамау фактілерін анықтау осындай аудиторлық компаниялардың іскерлік беделіне зор нұсқан келтіреді.

Агенттік криминалды ақшаны заңдастыруға қарсы іс-қимыл жасауда аудиторлық ұйымдармен диалог құруға дайын екенін хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама