×

«Самұрық-Қазына» қоры ірі компаниялардағы үлесін сатады

Төраға қазақстандықтарды IPO-ға қатысуға шақырды

 Дәурен Ерболат 15.09.2022 | 14:30
фото: ОКҚ

2025 жылға дейін қордағы ірі компанияларды жекешелендіру, IPO мен SPO-ға шығару жоспарда бар. Бұл туралы «Самұрық – Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бүгінде KASE және AIX жергілікті биржаларда «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы IPO-сын өткізу үшін белсенді түрде дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл күндері Қазақстанның қалаларында халықтың тарту үшін роуд-шоу басталады. Міндетіміз – халықтың хабардап етіп, барынша қамту, - деді Сәтқалиев Алмасадам  ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, 2025 жылға дейін «ҚазМұнайГаз», AirAstana, QazaqGaz және «Қазақстан темір жолы» компанияларын IPO-ға шығару, KEGOC компаниясының SPO-cын өткізу жоспарланып отыр.

«Самрұқ-Энерго» компаниясы екі кәсіпорынға бөлінеді. Бірінші компанияға барлық көмір активі беріледі. Екінші компания SamrukGreenCo деп аталады. Оған барлық жасыл актив беріледі: СЭС және ЖЭК объектілері. Ол 2023-2024 жылдары IPO-ға шығарылады. Алайда қор стратегиялық активтерді бақылау пакеттері сақтайды», - деді басқарма төрағасы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама