×

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қосымша қаржы бөліне ме?

Бағдарламаға «Жасыл даму» АҚ-тан 100 млрд теңге бөлінген

 Дәурен Ерболат 27.08.2022 | 12:02
Фото: atpress.kz

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қосымша қаржы бөлу мәселесі қараластырылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Егер мүмкіндік болса, біз оны пайдаланамыз (жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қосымша қаржыландыру туралы, – автор). Себебі бағдарлама халық арасында жоғары сұранысқа ие…  Автокредит бойынша өтініштер көптеп түсуде. Сондықтан біз бағдарламаға бөлінген соманы ұлғайту мүмкіндігін табуға тырысамыз», - деді Роман Скляр Үкімет отырысынан соң.

Оның айтуынша, жеңілдетілген автонесиеге жалпы 100 млрд теңге бөлінген. Нәтижесінде 12 мыңнан аса қазақстандық жаңа көлік сатып алуға мүмкіндік алған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама