×

Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 11 млрд долларға жетті

ҚХРД-дан көбінесе көліктер мен компьютерлер жеткізілген

 Дәурен Ерболат 12.08.2022 | 15:28
Фото: dvizhok.su

Биыл 6 айда Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 11,26 млрд долларға жетті, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігі.

Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 36,2%-ға жоғары.

Экспорт пен импорттың ең жоғары көлемі тіркелді. Қазақстан Қытайға 6,63 млрд доллардың тауарын жеткізсе, Қытайдан 4,63 млрд доллардың тауары импорттарлған, - деп жазылған хабарламада.

Қытайға экспорт көлемінің өсуі мұнай жеткізілімінің 3,8 есеге немесе 1,6 млрд долларға артуымен байланысты, ал экспорттың қалған бөлігі тек 10,5%-ға өскен.

ҚХДР-дан елімізге көбінесе көліктер мен жабдықтар, компьютерлер және тағы басқа жоғары технологиялық өнімдері жеткізілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама