×

Енді темекі өнімдерінде цифрлық таңба болмаса, айыппұл салынады

Заңдағы норма биыл 13 шілдеден бастап күшіне енген

 Дәурен Ерболат 11.08.2022 | 17:48
Фото: РБК

Қазақстанда темекі өнімдерінде цифрлық таңба болмаса, айыппұл салынады, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қағаз акциздік маркалардың күшін жоюға байланысты темекі өнімдері тек сәйкестендіру құралдарымен таңбалануы керек.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 283-бабына «акциздік маркалар» терминін «сәйкестендіру құралдарына» ауыстыру бөлігінде өзгерістер енгізілген. Ол 2022 жылғы 13 шілдеден бастап күшіне енген.

Үкімет қаулысымен міндетті таңбалауға жататын темекі өнімдері түрлерінің нақты тізбесі (сигареттер, сигариллалар, сигаралар, стиктер, кальян темекісі және тағы басқа) бекітілді. Қазақстан заңнамасына сәйкес, темекі өнімдері тек сәйкестендіру құралдары болғанда сатылуы тиіс, – деп жазылған хабарламада.

МКК енді темекі өнімдерінің барлық түрінде цифрлық таңба (сәйкестендіру құралдарының) болмаса, мемлекеттік кірістер органдары темекі өнімдерін тәркілеп, әкімшілік жауапкершілікке тартатынын ескертеді.

Айта кетейік, биыл 8 айда Қазақстан аумағына контрабандалық жолмен жеткізілген темекі өнімдерінің 22,5 млн қорабы тәркіленген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама