×

Машина, электроника және ойыншықтар: Қазақстан Тайваньға не сатады және не сатып алады?

Темір мен болат сатып, одан жасалған өнімдерді кері сатып аламыз

 Бауыржан Мұқанов 03.08.2022 | 14:43
Коллаж: Halyq Uni

Дүниежүзілік сауда ұйымының мәліметінше, Қазақстан 2020 жылы Тайваньнан 80 млн 515 мың доллардың тауарын импорттаған. 2019 жылы көрсеткіш шамамаен 53 млн доллар болды.

Тайваньнан сатып алатын тауарлар ішінде ең бастылары:

  • Машиналар, механикалық құрылғылар; оның бөліктері - $24 млн;
  • Электр машиналары мен жабдықтары және олардың бөлшектері; дыбыс жазғыштар мен репродукторлар, теледидар - $19 млн;
  • ойыншықтар, ойындар және спорттық керек-жарақтар; олардың бөлшектері мен керек-жарақтары - $18 млн;
  • Пластмассалар және олардан жасалған бұйымдар - $3,6 млн;
  • Қымбат емес металдан жасалған құралдар, аспаптар, ас құралдары, қасықтар мен шанышқылар; олардың негізгі металдан жасалған бөліктері - $2,5 млн;
  • Оптикалық, фотографиялық, кинематографиялық, өлшеу, тексеру, дәлдік, медициналық немесе хирургиялық аспаптар - $2,1 млн;
  • Темір жол немесе трамвай жылжымалы құрамнан басқа көлік құралдары, олардың бөлшектері мен керек-жарақтары - $1,5 млн;
  • Темірден немесе болаттан жасалған бұйымдар - $1,3 млн;
  • Органикалық химия - $1 млн.

Ал Тайваньға экспорт көлемі 2020 жылы небары 14 млн долларды құрады. 2019 жылы көрсеткіш 4,1 млн ғана болған. Соңғы мәліметерге сай, Қазақстанның Тайваньға сататын тауарлары:

  • Темір және болат - $11,4 млн;
  • органикалық химиялық заттар; бағалы металдардың, сирек жер металдарының органикалық немесе бейорганикалық қосындылары - $2,1 млн;
  • Майлы тұқымдар мен майлы жемістер; өнеркәсіптік немесе дәрілік мақсаттағы дәнді дақылдар, тұқымдар мен жемістер - $339 мың;
  • Машиналар, механикалық құрылғылар, ядролық реакторлар, қазандықтар; оның бөліктері - $311 мың.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Тайваньды тәуелсіз мемлекет ретінде мойындамайды. Ресми мәлімдемелерде Тайвань аралы Тайпей деп аталады

Серіктес жаңалықтары

Сараптама