×

Қазақстанның шет елдерге қанша қарызы бар?

Әсіресе Ресейге берешегіміз 5 жылда 46,8 пайызға артқан

 Еркеғали Болатұлы 02.08.2022 | 17:03
фото: ашық дереккөз

Қазақстан қазір өзге мемлекеттерге 160 млрд доллар қарыз. 5 жылда бұл көрсеткіш шамамен 5 млрд долларға, яғни 2,8 пайызға азайған деп хабарлады Atameken Business.

Мысалы, 2017 жылы Қытайға 12 млрд доллар қарыз болсақ, бүгінде ол 9,7 миллиардқа қысқарып отыр.

Сондай-ақ АҚШ, Жапония, Гонконг елдерінен алынған қарыз көлемінің де кемігені байқалады. Нидерландымен орнаған экономикалық қарым-қатынас сол қалпында.

Ал Ресейге берешегіміз, керісінше, 5 жылда 46,8 пайызға артқан. 2017 жылы 9,6 млрд доллар қарыз болсақ, бүгінде оның көлемі 14 млрдқа жетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама