×

Тауық еті, шоколад, ірімшік: Қазақстан Украинадан қандай тамақ сатып алады?

Ал Қазақстан Украинаға көбіне дәнді дақылдар сатады

 Ая Өміртай 28.07.2022 | 11:11
Коллаж: Halyq Uni

Қазақстанға Украинадан көбіне тауық еті еті мен қантты кондитерлік өнімдер әкелінеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Редакция Сауда және интеграция министрлігіне екі ел арасында тасымалданатын тұрмыстық тауарлар мен азық-түліктің қай түрі басым екендігін сұрап, хат жолдады.

2021 жылдың қортындысы бойынша, Қазақстан Украинадан негізінен тауық еті мен қантты кондитерлік өнімдер, шоколад, ірімшік импорттаған.

Сонымен қатар Украинадан 2,1 млн АҚШ долларына тұрмыстық тауарлар импорттаған.

Ал Қазақстан Украинаға көбіне дәнді дақылдар (16,1 млн. АҚШ долл.) мен жарма (1,6 млн. АҚШ долл.) өнімдерін экспорттайды.

Мемлекеттік кірістер комитетінің келтірген дерегі бойынша, Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымы 2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда 30,8%-ға артып, 784,8 млн. АҚШ долларынан 1 026,7 млн АҚШ долларына жеткен.

Яғни, экспорт көлемі 575,2 млн. АҚШ доллары болса, импорт айналымы 451,4 млн. АҚШ долларын құрады.

Дегенмен Украинада қарулы қақтығыс басталғаннан кейін, екі ел арасындағы наурыздағы тауар айналымы былтырғы уақытпен салыстырғанда 38,4%-ға қысқарған. Бұл ретте Украина импорты 63%-ға қысқарып, 13,4 млн долларға дейін төмендеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама