×

Қазақстанда қаржылық жағдайына көңілі толатындар азайып жатыр

Әлеуметтік зерттеу жыл сайын өткізіледі

 Дәурен Ерболат 27.07.2022 | 10:46
Коллаж: Halyq Uni

Халықтың өмір сүру сапасын анықтауға арналған зерттеуге сәйкес, елімізде екінші жыл қатарынан өзінің қаржылық жағдайына көңілі толатын қазақстандықтардың саны азайып жатыр, деп хабарлайды ranking.kz.

Зерттеу қорытындысына сүйенсек, 2022 жылы материалдық жағдайына көңілі толмайтындардың үлесі – 32,1%, былтырғы көрсеткіш айтарлықтай жоғары 40,2% болған.

Нәтижесінде 10 қазақстандықтың үшеуінің ғана қаржылық жағдайына көңілі толғаны анықталды, ал өткен жылғы көрсеткіш төртеу еді.

Бұл ретте өзінің қаржылық жағдайына ішінара қанағаттанғандардың үлесі бір жылда 56,3%-дан 64%-ға дейін өсті.

Қаржылық жағдайына қанағаттанбаған респонденттер үлесі бір жылда өзгермеген (0,6%), ал зерттеуге қатысқандардың 3,3%-ы жауап беруге қиналған.

Отбасындағы экономикалық жағдайға толық қанағаттанған респонденттер үлесі де бір жылда – 44,1%-дан 34,7%-ға дейін қысқарды, ал ішінара қанағаттанғандардың үлесі 52,8%-дан 63%-ға дейін өсті.

Отбасының экономикалық жағдайына қанағаттанбаған қатысушылар үлесі бір жылда 1,1%-дан 0,5%-ға дейін азайды, тағы 1,8%-ға жауап беруге қиналған.

Ауылдарда өзінің қаржылық жағдайына толық қанағаттанған респонденттердің үлесі қалалардағы тұрғындармен салыстырғанда жоғары: 34,8% және 30,6%. Қанағаттанбағандардың үлесі қалаларда көп – 0,7%, ауылдарда – 0,4%

Ерлер арасында өзінің қаржылық жағдайына толық қанағаттанғандардың үлесі әйелдерге қарағанда жоғары: 35,9% және 29,5%.

Сондай-ақ қанағаттанбағандардың үлесі ерлер мен әйелдер арасында бірдей – 0,6%.

Қаржылық жағдайына қанағаттанған респонденттердің ең көп үлесі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында байқалды – 35,7%. Кейін тізімде жалдамалы жұмысшылар тұр – 33,3%. Алайда жұмыссыздар арасында бұл көрсеткіш айтарлықтай төмен – 28,3%.

Материалдық деңгейін орташа деп бағалаған респонденттер үлесі биыл бірден 80%-ға жетті, былтырғы көрсеткіш – 65,6%.

Өзінің материалдық жағдайын орта деңгейден төмен деп санайтындардың үлесі айтарлықтай төмендеді: 11,6%-дан 2,3%-ға дейін.

Материалдық жағдайын орташадан біршама жоғары деп бағалайтын респонденттер үлесі де айтарлықтай азайды (17%-дан 13,9%-ға дейін), сондай-ақ өздерін салыстырмалы түрде бай деп санайтындар (4,6%-дан 3,1%-ға дейін) немесе өздерін материалдық тұрғыдан толық қамтамасыз еттік деп санайтындардың да қатары азайған (0,8%-дан 0,4%-ға дейін).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама