×

Қант, минералды су, шоколад: Қазақстан Ресейден қандай тамақ сатып алады?

Ал Қазақстан Ресейге тауық, макарон және балық сатады

 Ая Өміртай 26.07.2022 | 17:17
Коллаж: Halyq Uni

Қазақстанға Ресейден көбіне қант пен минералды су әкелінеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. Редакция Сауда және интеграция министрлігіне екі ел арасында тасымалданатын тұрмыстық тауарлар мен азық-түліктің қай түрі басым екендігін сұрап, хат жолдады.

2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Ресейден негізінен қант пен минералды су импорттаған. 

Сонымен қатар, Ресейден 169,7 млн АҚШ доллары көлемінде тұрмыстық тауар импортталған.

Ал Қазақстан Ресейге азық-түліктен ең көп тауық етін сатады.

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2021 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 2020 жылмен салыстырғанда 29,1%-ға өсіп, 18,8 млрд. АҚШ долларынан 24,2 млрд. АҚШ долларына жеткен.

Оның 6,9 млрд. АҚШ доллары экспортқа, ал 17,3 млрд. АҚШ доллары импортқа тиесілі.

Айта кетелік, биыл елде қант тапшылығы туындап, басты себеп ретінде шикізат жеткіліксіздігі аталған.

Бүгін азық-түлік қауіпсіздігі жайлы өткен брифингте Сауда және интегриация министрі Бақыт Сұлтанов қант өндірісін жандандыру үшін қызылша алқаптарын қалпына келтірудің жолы ретінде мемлекеттен төленетін субсидияны арттыру керектігін атады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама