×

Жетісу облысының әкімдігі қанттың орнын жүгерімен алмастырмақ

Қантқа деген сұраныстың негізгі бөлігін жүгері сиропын шығаратын Жаркент крахмал зауыты өтеуге дайын

 Еркеғали Болатұлы 21.07.2022 | 15:58
фото: ашық дереккөз

Жетісу облысының билігі қатты тапшылық жағдайында қантты жүгеріге ауыстыруды ұсынды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жүгеріде 75 пайызға дейін қант бар. Сондықтан сироп тамақ өнеркәсібінде және пісіруде қоюландырғыш және тәтті дәм бергіш ретінде қолданылады. Осылайша, оны табиғи қанттың орнына қолдануға болады, - делінген хабарламада.

Айта кетсек, қазір елімізде қант тұтыну көлемі 550 мың тонна болса, оның тең жартысы өнеркәсіптік сұранысқа тиесілі. Бұл сұраныстың негізгі бөлігін жүгері сиропын шығаратын Жаркент крахмал зауыты өтеуге дайын. Ол үшін зауыт жаңа желі ашуды көздеп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама