×

Ресейдің қандай компаниялары Қазақстанға келетін болды?

Елімізде 200-ден астам шетелдік ірі компания кеңселерін ашуы мүмкін

 Динара Амантай 21.07.2022 | 11:20
Фото: twitter.com

20 шілдеде Алматыда Fortune нұсқасы бойынша әлемдегі ең ірі 100 компанияның бірі саналатын Honeywell жаңа құрастыру зауытын іске қосты. Мұнда технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері (APCS) және апаттық қорғаныс жүйелері (EPS) құрастырылады. Оларды өнеркәсіпте пайдаланады: мұнай-газ, химия, энергетика, металлургия, тау-кен өнеркәсібінде және т.б.

Бұл өндірістің ашылуына «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы қолдау көрсетіп, оны құруға 100 миллион теңге инвестициялаған.

Зауыттың ашылу салтанатында Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров аталмыш компаниямен Honeywell-дің Ортаазиялық кеңсесін Ресейден Қазақстанға көшіру бойынша да келіссөздер жүргізліп жатыр. Оның айтуынша, бұл Қазақстаннан мұндай ұсыныс түскен жалғыз компания емес.

2022 жылдың наурыз айынан бастап аймақтағы геосаяси жағдайға байланысты біз өзіміз үшін ресейлік нарықтан шығатынын ресми түрде жариялаған, бірақ Орталық Азия нарығын жоғалтқысы келмейтін 265 ірі компанияны анықтадық. Біз олармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, қазірдің өзінде Қазақстанда жаңа өндіріс орнын ашу немесе олардың орталық кеңселерін көшіру туралы 43 келісім бар, – деді Алмас Айдаров.

Оның айтуынша, 265 компанияның 50-і бұл ұсыныстан бас тартқан – олар әзірге жағдайдың дамуын бақылай тұруды таңдаған. Ал TikTok қазірдің өзінде Қазақстанда кеңсе ашуды жоспарлап отыр, себебі бұл қызмет Ресей Федерациясында қолжетімсіз. Carlsberg сыра қайнату компаниясы да өндірісті көшіру туралы хабарлады. Олар Филипп Морриспен жылу жүйелеріне арналған таяқшалар өндірісін Қазақстанға көшіру мүмкіндігін талқылап жатыр. Бұл ретте Қазақстан елшіліктері компаниялардың ресейлік өкілдерімен емес, орталық кеңселерімен келіссөздер жүргізіп жатыр.

«Бізде аймақтық мүмкіндіктер картасы бар, онда біз дайын өндіріс алаңдарын береміз. Өйткені уақыттың шектеулілігіне байланысты кәсіпорындар нөлден бастап зауыт салуға шамасы келмейді, – Бірінші орында Германия – ол жақтан 40 компания. Саны бойынша келесі орында АҚШ, Жапония, Италия, Түркия. Салалар әртүрлі. Бұл негізінен өңдеу және тамақ өнеркәсібі, ІТ-компаниялар. Біз ірі компаниялардың қоныс аударуына көмектесеміз, ал шағын және орталары өздері-ақ өте мобильді, сондықтан олар Қазақстанға өз бетінше көшіп келеді. Мысалы, кеңсесін жаңадан ауыстырған inDriver», – деп түсіндірді вице-министр.

Айдаровтың айтуынша, шетелдік компаниялар елге қосымша инвестиция әкеліп қана қоймай, сонымен қатар жұмыс орындарын ашып, жаңа технологияларды, менеджмент пен бизнес-процестерге инновацияларды енгізеді. Онымен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров та келіседі.

«Алматыда жаңа өндірістердің орналасуы қалада жасалған қолайлы инвестициялық ахуалдың бар екендігінің белгісі. Сондықтан әкімдік қаланың және жалпы еліміздің тұрақты экономикалық дамуына ықпал ететін жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Маңызды жайт, біздің нарыққа кіретін барлық компаниялар елімізге салық төлейтіндей тіркеуден өтуі керек, ең бастысы, қазақстандық мамандар сонда жұмыс істейді. Біз сондай-ақ кадрларды дайындауға көмектесеміз, бұл жұмысты шетелдік компаниялармен бірлесіп жүргіземіз», — деді Әбдіқадыров

Айта кетсек, шетелдік бизнес Қазақстанға бірнеше себептерге байланысты қызығады: ТМД елдеріне жақсы жолға қойылған логистика, Ресей заңнамасына ұқсас құқықтық база, ортақ экономикалық одақ, менталитет, сонымен қатар Орталық Азияның басқа елдерімен салыстырғанда анағұрлым дамыған экономика.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама