×

Астана дүкендерінде энергетикалық сусындар мен ішімдіктерді сатуға тыйым салынды

Олардың құрамы ЕАЭО-ның техникалық талаптарына сай болмай шығыпты

 Еркеғали Болатұлы 20.07.2022 | 16:04
фото: ашық дереккөз

Оған өнімдердің құрамындағы қосындылардың шектелген нормадан артық болуы себеп болып отыр.

Qazaqstan телеарнасының хабарлауынша, зертханалық-сараптамалық тексерістен өткен өнімдердің 19 пайызынан зиянды заттар артығымен анықталған. Олардың құрамы ЕАЭО-ның техникалық талаптарына сай болмай шығыпты.

Қазір сауда нүктелеріне санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тарапынан бұзушылықтарды жою үшін тиісті ұйғарым жіберілді. Енді кәсіпкерлер өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар мен таратушы туралы ақпарат беруі керек. Өйтпеген жағдайда іс сотқа жіберіледі.

«Бұл мәселе шығарылған күні бойынша, өнімнің бір партиясына ғана қатысты. Егер осындай бұзушылық бірнеше партияда қайталанса, онда олардың барлығы сөреден алынып тасталады», - дейді қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Қарлығаш Әбдішева.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама