×

Қазақстан мұнайының экспорты 12%-ға өсіп, бағасы 58%-ға қымбаттады

Сыртқа шығарылатын мұнайдың үштен бірінен астамы Италия мен Нидерландыға жіберіледі

 Динара Амантай 15.07.2022 | 12:05
Фото: egemen.kz

Битумды минералдардан алынған мұнайды қоса алғанда, шикі мұнай өндіру ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында 31,9 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5%-ға артық.

Маусым айының соңында бейнеконференция форматында ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлер кеңесі өтіп, ОПЕК+ елдерінің тамыз айындағы өндірудің ағымдағы деңгейін тәулігіне 0,648 млн баррельге арттыруды жалғастыру туралы шешім қабылданды.  Қазақстанның тамыздағы міндеттемелері тәулігіне 1,706 млн баррельді құрайды. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлаған болатын.

Еnergyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, елімізде өндірілген шикі мұнайдың барлығы дерлік экспортқа шығарылады. Мәселен, 2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында 25,3 млн тонна өндірілді, оның 24,4 млн тоннасы экспортқа шығарылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,2%-ға артық. Бұл ретте ішкі нарықтағы сату көлемі 2 еседен астам, яғни 1 млн тоннаға дейін қысқарды.

Қаңтар-мамыр айларында бұл ретте 30,2 млн тонна шикі мұнай және битумды минералдардан алынған шикі мұнай өнімдері экспортталды, бұл 2021 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 12,1%-ға артық. Жалпы көлемнің жартысынан астамы Италияға (8,3 млн тонна), Нидерландыға (3,3 млн тонна), Оңтүстік Кореяға (2,5 млн тонна) және Қытайға (2,2 млн тонна) жөнелтілді.

Ескере кететін жайт, шілдеде Қазақстан өз мұнайының 80%-ға дейінін экспорттайтын Каспий құбыр консорциумында (КҚК) тағы да проблемалар туындады. Дегенмен, қазір жағдай реттелді. Естеріңізге сала кетсек, 5 шілдеде Новороссийск қаласының Приморск аудандық соты КҚК-нің қызметін 30 күнге тоқтата тұру туралы шешім қабылдады, бірақ Краснодар өлкелік соты шешімді өзгертіп, тоқтата тұруды 200 000 рубль айыппұлмен («реттелмеген экологиялық сипаттағы бұзушылықтар үшін») ауыстырған болатын.

Битумды минералдардан алынған шикі мұнай мен шикі мұнай өнімдерін жеткізудің экспорттық бағасы ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 58,4%-ға өсті. Салыстыру үшін бір жыл бұрын өсім 19,3% болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама