×

Азық-түліктің кейбір түрі бірден 80%ға қымбаттады – Тоқаев

Оның пікірінше, Үкімет инфляцияны ескі әдіс-тәсілмен тоқтатқысы келеді

 Дәурен Ерболат 14.07.2022 | 11:18
фото: ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда азық-түліктің кейбір түрі бірден 80%ға қымбаттағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Қазір инфляцияның шарықтап кетуі ең күрделі мәселе болып отыр. Бағаның өсуіне азық-түлік инфляциясы әсер етті. Оның деңгейі 19,2 пайызға жетті. Жалпы, азық-түліктің кейбір түрі бірден 80 пайызға қымбаттады», - деді мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің бағаны тұрақтандыруға бағытталған шаралары тиімсіз болып шыққанын айтып, оның жұмысын сынға алды.

«Үкімет инфляцияны ескі әдіс-тәсілмен тоқтатқысы келеді. Оның өзінде бюджеттен қосымша қаражат бөліп, бағаны жасанды түрде ғана реттеп отыр. Яғни қымбатшылықтың себебімен емес, салдарымен күрес жүріп жатыр. Ал шын мәнінде керісінше болуы керек», - деді президент.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама