×

Алматыда азық-түлік неге қымбаттап жатыр?

Шаһарда қант, пияз, нан, сүт айтарлықтай қымбаттаған

 Дәурен Ерболат 07.07.2022 | 15:36
Фото: Ярослав Радловский

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қалада азық-түлік бағасы неге көтеріліп жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Алматыда бағаның өсу қарқыны сақталуда. Жыл басынан бері инфляция 11,3% болды. Бұл республикадағы орташа көрсеткішпен салыстырғанда, 10,5%. Инфляцияға негізгі үлес бірінші кезекте азық-түлік бағасының өсу есебінен қалыптасты – 16,4%, - деді қала әкімі ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Ерболат Досаев қандай азық-түлік тауарлары қымбаттағанын, бағаның өсуіне не себеп болғанын түсіндірді.

«Қант, пияз, нан, сүт бағасы ең көп өсті. Олардың тұтыну бағасы индексінің үлесі – 2,1%. Сондай-ақ жұмыртқа бағасының төмендеуі мен сиыр еті, сары май мен тұз бағасының шамалы өсуі байқалып отыр. Жеткізу тізбегінің бұзылуы мен теңге бағаның тұрақсыз болуына байланысты әлі де жоғары инфляция сақталады», - деді басшы.

 

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама