×

Қаңтардан кейін бизнесмендер банктердегі депозиттерін әкетіп жатыр

Бес айда банктердегі жинақ ақша 1,6 трлн теңгеге азайды

 Бауыржан Мұқанов 07.07.2022 | 11:54
Коллаж: Halyq Uni

Ұлттық банктің мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар айында екінші деңгейлі банктердегі депозиттің көлемі 26 трлн 809,2 млрд теңге болған еді. Маусым айындағы дерек бойынша көрсеткіш 5,9% азайып 25 трлн 242,4 млрд теңгені құрады.

Соның ішінде бизнестің депозиттегі ақшасы жыл басында 13 трлн 885,1 млрд теңге болса, мамырда 8,1% кеміп, 12 трлн 755,2 млрд теңгені құрады. Яғни бизнес 1 трлн 130 млрд теңгеге жуық ақшасын депозиттен шешіп алып кеткен. 

Ал халықтың жинағы жыл басынан бергі бес айда 12 трлн 924,1 млрд теңгеден 12 трлн 487,2 млрд теңгеге төмендеді. Көрсеткіш 3,3% азайған. Халықтың депозиттегі ақшасы шамамен 300 млрд теңгеге азайған, қомақты сома болғанымен, бизнестің шешіп алғанына қарағанда айтарлықтай көп емес. 

Ұлттық валютадағы жинақ ақша 17 трлн 268,3 млрд теңгеден 16 трлн 828,5 трлн теңгеге, яғни 2,5% төмендеді, шетел валютасындағы депозит көлемі 9 трлн 540,9 млрд теңгеден 8 трлн 414 млрд теңгеге, яғни 11,8% азайды. Бір қызығы, депозиттегі шетел валютасының үлесі бес айда 35,6%-дан 33,3%-ға төмендеген. Басқаша айтқанда, депозитке шетел валютасымен жинайтындар көбірек шешіп алған. Осыдан банктердегі депозитін ала қашқандар негізінен шетелдік компаниялар болуы мүмкін деген болжам жасауға болады. 

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 8 трлн 942,6 млрд теңгеден 8 447,2 млрд теңгеге азайса, шетел валютасындағы депозиттері 4 трлн 942,6 млрд теңгеден 4 308,0 млрд теңгеге кеміді.

Ал жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 8 трлн 325,8 млрд теңгеден 8 381,3 млрд теңгеге азайды. Шетел валютасындағы депозиттер 4 598,3 млрд теңгеден 4 трлн 106,0 млрд теңге азайды.

Мерзімді депозиттердің көлемі 17 трлн 866,6 млрд теңгеден 16 942,6 млрд теңгеге төмендеді. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 11 527,2 млрд теңге, шетел валютасындағы салымдар 5 415,5 млрд теңге болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама