×

Елімізден бензин мен дизель отынын экспорттауға тыйым салынды

Бірлескен бұйрықта белгіленген тыйымды сақтау бойынша қажетті шаралар қабылданады

 Еркеғали Болатұлы 05.07.2022 | 17:12
фото: ашық дереккөз

Қазақстанда 12 шілдеден бастап бензин мен дизель отынын экспорттауға тыйым салынады.

«Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен жағармайларды қоспағанда және автокөлік құралдарын өндіруші ұсынған газ бактарында, сондай-ақ көлемі 20 литрден аспайтын бөлек цистернада алып шығуды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін алып шығуға 6 ай мерзімге тыйым салынсын», - делінген ҰҚК, ІІМ, Энергетика және Қаржы министрліктерінің бірлескен бұйрығында.

Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетіне өз құзыреті шегінде ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, бірлескен бұйрықта белгіленген тыйымды сақтау бойынша қажетті шаралар қабылдау жүктелді.

Сондай-ақ Үкімет ІІМ-ге бензин мен дизель отынын ел аумағынан шығаруға жол бермеуге көмектесуді тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама