×

Ұлттық банк рубль-теңге конвертациясына шектеу енгізуді жоспарлап отырған жоқ – ресми жауап

Қазақстанда екі айда рубль көлемі 4 есе көбейді

 Айнұр Шошаева 28.06.2022 | 10:59
коллаж: Halyq Uni

Ақпан айынан бері Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердегі рубль көлемі 35 млрд шегіне жетті, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ұлттық банктің дерегінше, елдегі екінші деңгейлі банктердегі рубль көлемі жыл басынан бері төрт есе өскен.

Ұлттық банктің статистика деректеріне сәйкес, 2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша, қолма-қол Ресей рублінің көлемі 7 миллиард болған, ал 2022 жылғы 31 мамырдағы жағдай бойынша 25-35 миллиардқа жетті, - делінген Ұлттық банктің Halyq Uni тілшісіне берген жауабында.

Бұған қоса, елдегі рубль көлемінің артуына байланысты Ұлттық банктің қабылдап жатқан шарасына тоқталды.

«Рублді шетелге шығаруға рұқсат беру үшін Ұлттық банк 2022 жылғы 15 маусымда ашық НҚА порталында екінші деңгейдегі банктер біржолғы негізде 2022 жылғы 15 шілдеден 31 тамызға дейін Ресей рублін қолма-қол ақшамен әкетуге рұқсат беруді көздейтін ҚР Үкіметінің тиісті қаулысының жобасын әзірлеп, талқылауға жариялады. Бүгінгі күні рубль-теңге конвертациясына шектеу енгізу жоспарда жоқ», - деді бас банктің баспасөз қызметі.

ҰБ мәліметінше, қазақстандық банктерде жинақталған рубльдің керексіз актив болып қалады деп қорқудың қажеті жоқ.

«Банктердегі артық рубль керексіз актив болып қалмайды. Себебі Ұлттық банк ұсынған уақытша шектеуді алып тастау екінші деңгейлі банктердің корреспонденттік шоттарын толтыру кезінде қолма-қол рубльді қолма-қол емес ақшаға айырбастауға мүмкіндік береді деп күтілуде», - дейді баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама