×

Облыс әкімдігі желідегі жағымды пікірлер үшін 10 млн теңге жұмсаған ба?

Бүгінде әкімдік бұл тапсырысты мемлекеттік сатып алу порталынан алып тастаған

 Дәурен Ерболат 27.06.2022 | 16:31
фото: ОКҚ

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңірдегі ішкі саясат басқармасы 10 млн теңгені қандай мақсатқа жұмсамақ болғанын түсіндірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында журналист өңір басшысына «Жақында БАҚ-та Ақмола облысының әкімдігі мемлекеттік сатып алу порталында 10 млн теңгеге лот жариялағаны туралы ақпарат жарияланды. Қаржы әлеуметтік желілерде трольдерден қорғану үшін және жағымды пікір жазуға жұмсалатын болған. Сіз бұл сатып алуды орынды деп санайсыз ба?» деп сұрақ қойды.

Ермек Маржықпаев бұл деректі растап, ол ақшаның қайда жұмсалатынын түсіндірді.

...Негізі бұл сатып алу туралы білемін. Ашығын айтқанда, облыстық ішкі саясат басқармасы конкурс жариялады. Қателеспесем, 10 млн теңге. Ол қаржы трольдерден (әлеуметтік желіде жағымсыз пікір жазатындар) қорғану үшін бөлінген жоқ. Қаражат облысымызды насихаттау үшін бөлінді. Мысалы, өңірдегі елді мекендер, спорт мәселесі туралы. Бұл жұмысты жүргізу керек қой. Бүгінде бұл мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған жоқ. Себебі шағымдар түсіп, оны конкурстан алып тастадық. Осылай дұрыс болатын шығар, - деді Ермек Маржықпаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама